Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Шығармашылық БАЙҚАУ өтеді

screenshot 20210930 174304 com.whatsapp

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

“Атырау Адалдық алаңы” жобалық кеңсесі Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жарық көрген ең үздік жарияланымға (мақала, журналисттік зерттеу, бейнеролик және т.б.) облыстық байқау жариялайды.
Аталған тақырыптағы материалдар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-да жариялануына болады.
Байқау ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қолдауымен Атырау облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында «Төртінші билік» ҚБ -мен «Атырау – адалдық алаңы» әлеуметтік жобасы аясында өткізіледі.
Байқау мақсаты
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру, жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға БАҚ өкілдерін тарту болып табылады.
Байқау міндеті

  1. Сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы іс-қимылды іске асырудың тиімді формаларын іздеу және насихаттау.
  2. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
  3. Мемлекеттік қызметтегі мәртебесін жоғарылату, жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін арттыру, қоғам тұрақтылығын одан әрі күшейту.
  4. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру.
    Байқау шарттары
  5. Байқауға облыс аумағындағы газет, журнал редакцияларының, интернет басылымдардарының (ресми сайттар), теле-радиоарналардың және ақпараттық агенттіктердің журналистері қатыса алады (басқа сала мамандарына қатысуға болмайды).
  6. Байқауға 2021 жылдың шілде айынан бастап қараша айының 20-на дейін БАҚ-да жарық көрген материалдар (мақалалар, бейнематериалдар) қабылданады.
  7. Жарияланған материалдар келесідей талаптарға сәйкес дәлелденуі тиіс:
    1) телеарнадағы және радио шығарылымдар флэшкада жазылыммен;
    2) баспа бетіндегі жарияланымдар газеттің түпнұсқасының көшірмелерімен;
    3) интернет ресурстарда орналастырылған материалдар – web – адресіне сілтемесі көрсетілген web-парағының көшірмесімен.
  8. Ұсынылған материалдар байқау комиссиясына кері байланыс мәліметтерімен конвертте ұсынылады.
    Ескерту:
  1. Бағалау критерийлері
  2. Көтерілген тақырыптың өзектілігі.
  3. Кәсіби біліктілігі, таңдалған тақырыптың терең ашылуы.
  4. БАҚ-ғы жарияланым мәтінінің түсінікті жеткізілуі.
  5. Жеңімпаздарды марапаттау
    Байқау қорытындысын Атырау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы тарапынан құрылған комиссия шығарады. Комиссия құрамы:
Exit mobile version