АТЫРАУДА

СҮЙІНШІ!!! Атыраулық балуан Азия чемпионы атанды!

Сырбаз Талғат Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Алматы қаласында еркін күрестен өтіп жатқан ересектер арасындағы Азия чемпионатында атыраулық спортшы Сырбаз Талғат жеңіске жетті.

70 келіде белдескен балуанымыз іріктеу кезеңдерінде Кувейт балуанын 11:0, Үнді балуанын 6:0 және жартылай финалда Корея балуаны Сеюнг Бо Лидді 6:2 есебімен ұтты. Финалда өзбекстандық Сироджиддин Хасановты 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Сырбаз Атырау еркін күресі тарихында ересектер арасында Азия чемпионы атанған алғашқы балуан болып отыр.

img 20210417 wa0050

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button