Site icon Ақпараттық-танымдық портал

СҮЙІНШІ!!! Серік Қамидолла ақталып шықты!

screenshot 20210415 195417

Кездесу қысқартылған тәртіпте онлайн режимінде өтті.

Прокурор лауазымды тұлғаны өмір бойына мемлекеттік қызметти атқару құқығынан айыруды, сондай-ақ 3 миллион теңгеге жуық айыппұл салуды сұраған еді.

Алайда, Серік Қамидолланың отбасылық жағдайы мен өз кінәсін толық мойындағанын ескерген сот шенеунікті қылмыстық жауапкершіліктен босатты.

Айта кетейік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы наурыз айында ұсталып, ҚР ҚК-нің «пара алу» және «Алаяқтық» баптары бойынша айыпталған еді. Алайда оның пара алғаны дәлелденбеді. Тек қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген бап бойынша айыпталды. Бұл жерде Серік Қамидолланың кәсіпкерлерден мұқтаж жандарға көмектесуді айта кеткен жөн.

Серік ҚАМИДОЛЛА, Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

Сол күні алдыңда халқың тұр деп ішкі істер қызметкері айтқанда мен қатты қуандым. Мен босқа жүрмегенімді, халқыма адал қызмет еткенімді білдім. Сондықтан халық, біздің мемлекет халықтан тұрады. Мен халқыммен бақыттымын. Мен халықпен біргемін.

Серік Қамидолла халық қалап тұрса қызметімді жалғастыруға дайынмын деп отыр.

Exit mobile version