Site icon Ақпараттық-танымдық портал

“СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!”

img 20210923 wa0100

Х.Досмұхамедов атындағы орта мектепте «Атырау- адалдық алаңының» Қызылқоға аудандық жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!» сурет көрмесі өтті. 

Мақсат- оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және адал еңбек ету құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Қоғамға залал келтіретін кесапаттың жансыз сұлбасын түрлі түсті бояулармен көркемдеп, сөйлете білеген 20-дас астам қылқалам шеберлерінің туындылары залда көрініс тапты. Мектеп ұстаздары мен оқушылар әр туындының идеясына жеке тоқталып, пікірлерімен бөлісе білді.

Exit mobile version