Тергеу изоляторы Тәуелсіздік күнін атап өтті

img 20211215 wa0041

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында Атыраудағы тергеу изоляторында “Елін сүйген,елі сүйген Елбасы” кеші өтті. Кешке сотталғандар қатысты, деп хабарлайды deptı.kz.

Тергеу изоляторында 10-нан астам сотталған жазаларын өтеп жатыр. Ол ұрлық, алаяқтық, есірткі сақтау секілді қылмыстары үшін сотталған.

Іс- шараның ашылуында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайында түсірілген деректі фильм көрсетілді.

  • Он жыл деген азда көпте уақыт емес. Алайда осы он жыл ішінде тұңғыш Президентіміздің көрегенді саясатынының арқасында жеткен жетістіктер туралы баяндама сотталғандардың назарына жеткізілді. Сотталғандарда шара соңында өздерінің тұңғыш Елбасы жайындағы мағлұматтарын айта отырып, ашық аспан астында өмір сүріп жатандарына ризашылықтарын білдірді, – деді тергеу изоляторының баспасөз қызметі.

Белсенді сотталғандар мекеме бастығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: