Бүгін Атырау қаласына қарасты Томарлы ауылында жаңа мешіт ашылды.
«Анашым» деп аталатын мешіттің сыйымдылығы бес жүз адамға арналған.
Аллаһтың үйінің ашылуына арнайы келген Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров қатысты.
Өз сөзінде Ершат Ағыбайұы мешіт тек құлшылық ордасы ғана емес, берекенің, елдің ынтымағы мен бірлігін насихаттайтын орын. Бұл жерде еліне, дініне қызмет қылатын ұрпақ қалыптасатынан сенім білдіретінін атап өтті.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында бой көтерген мешітке алыс жақыннан зиялы қауым өкілдері, өнер адамдары қатысты.
Ершат Ағыбайұлы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан Алла үйіне ескерткіш сыйлық пен Қасиетті Құран Кәрім табыстады. Сондай-ақ мешітті тұрғызған кәсіпкер Арман Тоғаевқа алғыс хат табыстады.
Жаңа мешітке Айдын Серікбаев имамдық қызметке тағайындалды.
Бұл мешіт осы ауыл тұрғындарының құлшылықтарын қаза етпей, қайырымдылықпен айналысуларына септігін тигізеріне сенім білдіреміз.
Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ