Site icon Ақпараттық-танымдық портал

ТШО-ДА 39 МЫҢ АДАМ ҚЫСҚАРМАҚ

2022 жылы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 39 мың адам жұмыстан қысқартылады. 

Кен орнындағы «Келешек кенею» жобасының аяқталуына байланысты жұмыстан босайтындардың 45 проценті жергілікті тұрғындар екен, деп хабарлайды Ақ Жайық Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Енді келер жылы өңірде жұмыссыздар саны күрт өсуі мүмкін. Жаңа жылдың алғашқы 3 айында 7 мың жұмысшы қысқартылады. Оның 3 мыңға жуығы Атырау обылсының тұрғындары. Десе де, «Теңізшевройл» компаниясы жұмыссыздар санының күрт өсіп кетпеуі үшін шаралар қолға алынып жатыр. «Келешек кеңею» жобасын жүзеге асыру барысында 16 мыңнан астам адам компания есебінен оқытылыпты. Ал жұмыспен қамту басқармасындағылар жұмыстан босағандардың екі қолына бір күрек табылады деп отыр. 

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Exit mobile version