Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Тұрақтылық пен тыныштықтан басқа тағы не керек?

e5628d8a 6721 4d03 8667 2ec74f1b0c22

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектің 2-сі күнгі Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ел өмірінің саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери және басқа да қырлары толыққанды қамтылды.

Президент Жолдауы мемлекетімізде, қоғамда, әлемде, айналада болып жатқан өзгерістерді көріп-біліп, көкейге тоқып, көп ізденудің жемісі екені анық. Мемлекет басшысы тәуелсіздікті, ел мен жердің бүтіндігін, халықты, ұлт пен мемлекеттік мүддені қорғау жолында бар күш-жігерін салып, жан аямай еңбек ете беретінін және соны биліктегі әрбір тұлғадан та-лап ететін нық айтты.

Ендеше Президентіміздің бұл Жолдауы елді рухтандырады, қоғамға ой салады, әр саланың дамуына серпін береді, сөйтіп, Қазақстанның жаңа заман төрінен, жаңа әлем өрінен лайықты орын алуына сүбелі үлес қосады деп ойлаймыз.

Мемлекет басшысының Жолдауында тәуелсіздікті, мемлекеттілікті, ұлттық мүдделерді, ұлттық құндылықтарды,ұлтсаулығын, болашақты, жас ұрпақты, дарындарды, мәдениет пен өнерді, экономиканы, экологияны, еңбекті қорғау секілді сан-салалы мәселелер қамтылды. Қазіргі алмағайып шақта бұл кемеліне келген, әл-ауқаты мен қайрат-қуаты толысқан елдердің қолынан ғана келетін дүние. Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы.

Президент қазіргі ең басты нәрсе татулық пен бірлік екенін айтты. Сонымен қатар тіл саясатына да тоқталды. Жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды ұмытпауға шақырды. Жаһанды тұрақсыздық жайлап, көптеген жаңа сын-қатер пайда болып жатқан кезде біз бағдарымызды бекемдеп, болашаққа көзқарасымызды айқындай түсуіміз қажеттігін түсіндірді.

«Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидамыздың ешқашан өзгермейтіндігін, сондықтан этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуы Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағытының бірі болғанын, әрдайым солай болып қала беретінін баса айтты.

-Бұл – бекерге айтылған сөз емес,- деген ол мұндай ұстанымды қазақстандықтардың басым көпшілігі қолдайтындығына сенім білдірді. Мемлекетіміздің болашағы үшін біз ішкі тұрақтылық пен жалпыұлттық бірлігімізді сақтап, нығайтуға міндетті екеніміз де Жолдауда нақты атап айтылған жайт.

Ең бастысы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біртұтас ел ретінде жұмылуға тиіс екенімізді айтты.

«Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, тұрақтылық пен тыныштық» деді Президент.

Осы сөзі бүгінгі күні бейбітшілік пен тұрақтылыққа қатысты ел болып ұйымдасып, жұрт бо- лып жүгініп қызмет етуге шақырған бастама деп түсінген абзал. Бұл әуелі отбасынан бастап, бүкіл қоғам болып атсалысатын, тәуелсіздігімізді нығайтуға, ұлттық салт-санамызды одан әрі сергектендіруге, азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамытуға ұмтылдыратын міндеттердің бастысы болуы шарт.

Бұл жолғы Жолдаудың тағы бір құндылығы сол, Мемлекет басшысы стратегиялық басымдықтар сыртында 5 нақты президенттік бастамасын жария етті. Бірнеше миллион қазақстандықты қамтитын бұл бастамалар азаматтардың көкейкесті проблемаларын шешуге бағытталған. Осының арқасында Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы, тұрмыс деңгейі, әл-ауқаты өрлеуге бет алады деген үміттеміз.

Жансих МАШТАХОВ, Исатай аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

#Жолдау2021

Exit mobile version