Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Жайықтан заңсыз құрылған 12 балық ауы шығарылды

img 20210820 wa0050 1

🔵Бүгін, 20 тамызы күні Атырау өңірі бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен Атырау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасының 29, 34-тармақтарын орындау мақсатында баспасөз туры өтті, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қыз

⭕Мақсат – Жол картасының 29-тармағында көрсетілгендей, Жайық өзенінің жағасында жұмыс істеп тұрған химиялық қоймалар мен басқа да ластағыштарды анықтау, түгендеу, іздестіру, жою жұмыстарын ұйымдастыру. Сондай-ақ, 34-тармақ бойынша Жайық өзенінің арнасын, оның салалары мен ағымдарын браконьерлік балық аулау құралдарынан​ тазарту жұмыстарын жүргізу.

☑️Шараға Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Атырау облысының полиция департаменті, Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы, Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және БАҚ өкілдері қатысты.

✔️29-тармақты орындау жұмыстары осы жылдың сәуір айында да өтті. Ал Жайықты броконьерлік балық аулау желілерінен тазарту жұмыстарын Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы тұрақты жүргізіп отырады.

🆘Шара барысында өзеннен 12 броконьерлік балық аулау құралы шығарылды. Тірі балықтар өзенге кері жіберіліп, өлген балықтар иесіз ау құралдарымен бірге жинап алынды.

✅Сонымен бірге, судың химиялық құрамына талдау жасау үшін Жайық өзені суынан сынама алынды. Сол сияқты, өзен жағасында жатқан дөңгелектер мен темір қалдықтары анықталды. Бұған қатысты жауапты мекемелерге арнайы хат жолданатын болады.

🔘Мамандардың айтуынша, балық аулау құралдарының ішінде торлар су маржандарының көбеюіне кері әсерін тигізуде. Себебі, торға түсіп қалған балық одан шыға алмай өліп кетеді. Сондықтан алдағы уақытта торға түскен балықты өлтірмей тірі ұстап тұрудың да жолдарын қарастырған дұрыс деп санайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Exit mobile version