Site icon Ақпараттық-танымдық портал

ЖАҢА ЖОБА: Атыраулық жастар қой бағып, сиыр сауды

aprara 1

Атырауда жаңа жоба жұртшылыққа жол тартты, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Исатай аудандық жастар ресурстық орталығы «Жастар LIFE» жобасын жүзеге асыруды жолға қойды. Мұндағы мақсат – жастарды ауылға тарту, егін және мал шаруашылығымен айналысуға шақыру.

Исатайлық жастар «Нұрхат» шаруа қожалығына барып, ондағы шаруалардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Аталған шаруашылық иесі Нұрхат Құмарбеков «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» несие алу арқылы бизнес бастаған екен. Сондай-ақ, ол респубикалық жастар слетіне де қатысып, біраз тәжірибе жинап қайтқанын да тілге тиек етті.

Сөйтіп, жоба қатысушылары бір сәт қырдағы қарбаласты өз көздерімен көрді. Қыздар болса, қызыл шоққа нан пісіріп, сиыр саууды және жетім қалған қозы-лақты тамақтандырып, аяқтандыруды үйретті. Сондай-ақ, сойылған малдың шек-қарнын қалай тазалау кеерктігін де біліп алды. Солардың бірі – Анар Шұғылан. Ол ауылдың болашағы зор екенін айтады.

Сол сияқты, жігіттер жағы да қарап қалған жоқ. Олар ер қанаты – атқа мініп, «қой кезекке» шықты. Төскейде төрт түлік түлеткен ата-баба салтының қыр-сырын меңгерді.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов бұл жобаның өскелең ұрпақ үшін берері мол деп сендіреді.

Ендеше, іске сәт, болашақ агрокәсіпкерлер!

Exit mobile version