Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Жанкүйерлер жазаға тартылды

62af44d583b3b

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған соты ұсақ бұзақылық бабы бойынша 28 ер адамға қатысты істі қарады, деп хабарлайды “Ақ Жайық” сайты.

Жаппай төбелеске қатысқан екі адамға 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қалғандары бюджетке 10 721 теңгеден төлеуі тиіс. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше айыппұл салғандардың 25-і – Ақтөбе облысының тұрғындары.

“Әкімшілік жаза шарасын анықтау кезінде сот ауыр мән-жайлардың болмауын назарға алды. Жауапкершілікті жеңілдету ретінде олардың жасаған ісіне өкінуі, отбасылық жағдайы, сондай-ақ алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны танылды” depti соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ 19 маусым күні “Атырау” – “Ақтөбе” футбол матчы басталар алдында стадионның жанында екі команданың жанкүйерлері арасында жаппай төбелес болған еді.

Exit mobile version