АТЫРАУДА

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАҢА ЧЕЛЛЕНДЖ БАСТАУ АЛДЫ

Желі қолданушылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Волонтер жылы» аясында наурыз айынан бастап ұлы ойшылдардың рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында #adaldyqJolymen челленджіне қатысуда. Бұл челленджді бастаған ақтөбелік студент Гульжазира Асуова жемқорлыққа қарсы тақырыпта өзінің өлеңін оқып бастаған.

Жалпы, эстафетаны Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары белсенді қолдады. Facebook және Instagram желілері бейнежазба жүктелетін басты алаңға айналды.

«Эстафета Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этно-мәдени бірлестіктердің өкілдеріне, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповскихке, ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы Максим Споткайға, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаевқа, «Қазақстан барысы» мен «Әлем барысының» екі дүркін чемпионы Айбек Нұғымаровқа жолданды. Сондай-ақ, БАҚ және өнер саласының өкілдерін аталмыш челленджді қолдауға шақырамыз» – depti «Атырау-Адалдық алаңы» жобасының баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button