АТЫРАУДА

“Жүргізуші куәлігін жасап беремін”: атыраулық алаяқ тұрғындардан заңсыз жолмен ақша алып келген

Атырау қаласы Полиция басқармасына  2002 жылы туған  атыраулық тұрғын арызданған. 

Ол өз арызында жеке тұлғаның көлік жүргізуші куәлігін жасап беремін деп, 100 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, алдап кеткендігін көрсеткен. Көп ұзамай осыған ұқсас екі жайт  тіркеліп, бірінен 60 мың ал енді бірінен 90 мың теңге алып, хабарсыз кеткендігі туралы айтқан.   

Жәбірленушілердің айтуынша, өзіне жақсы таныс емес азамат алдап, жүргізуші куәлігіңді жасап беремін деп әбден сендірген. 

Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Атырау қалалық Полиция бөлімі криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен Атырау қаласының  1992 жылғы тұрғыны ұсталды. 

Қазіргі уақытта алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау деректері бойынша ҚР ҚК-нің 190 бабы 1-б, және 190 бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Атырау облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді. Осы бағыттағы қылмыстардың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізуде. Кез келген ұсынысты қабыл алмай, толық тексеріп алыңыздар деп кеңес береді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button