Site icon Ақпараттық-танымдық портал

«Референдумға шығарылатын ұсыныстар косметикалық өзгеріс емес»

220530184000055e

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент телерадиокешеніне 5 маусым күні өтетін реформаның мәні мен мазмұны туралы қысқа сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

https://www.youtube.com/watch?v=yIJ124CPX2g

«Қазақстан азаматтары Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістерді қолдап жатса, еліміздің дамуында жаңа бір кезең басталады деп айтуға толық негіз бар. Өйткені бұл өзгерістер – косметикалық өзгерістер емес», – деді Мәулен Әшімбаев сұхбат барысында. Оның пайымынша, референдумға шығарылып отырған ұсыныстарды төрт топқа бөліп қарау орынды. «Біріншіден, бұл енді адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталатын өзгерістер. Біздің саясатымыздың, мемлекетіміздің саясатының негізгі мақсаты – халықтың жағдайын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету. Екінші бағыт – Парламент жұмысының тиімділігін арттыру және саяси жүйеміздегі Парламенттің рөлін күшейтуге бағытталған өзгерістер. Оның ішінде екі палатаның арасындағы қарым-қатынастарға байланысты, оларды жетілдіруге арналған нормалар бар. Олардың негізгі мақсаты – заң шығару процесін әрі қарай жақсарту, тиімділігін арттыру. Заң жобаларын тезірек қарау, тезірек қабылдау, жан-жақты пысықтау. Осыған арнаулы нормалар ұсынылып отыр», – деген Сенат спикері үшінші бағыт тұтастай жергілікті әкімдіктердің жұмысын жетілдіруге арналып отырғанына назар аударды. «Халықтың әл-ауқаты, жағдайы жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдердің, мәслихаттардың тиімді жұмыс істеуіне тікеле байланысты. Соның аясында облыс әкімдерін тағайындау процесі өзгеріп жатқанын білесіздер. Презиенттің ұсынысы бойынша, Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданса, облытар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мәслихат депутаттары сайлаған кезде Президент міндетті түрде екі адамның кандидатурасын ұсынады. Мұны енді тура сайлау деп айтуға болмайтын шығар. Бірақ сайлау процестерінің элементтері енгізіліп, жаңаша тағайындау механизмі ұсынылып отыр. Сондықтан бұл механизмнің негізгі мағынасы – халықтың пікірін ескеру», – деді Сенат төрағасы. Айта кетейік, бүгін «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» – 12:45-те, «Qazaqstan» – 16:05-те, «Qazaq TV» – 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те референдум туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр.

Exit mobile version