Site icon Ақпараттық-танымдық портал

55 жастағы белгілі әнші отбасын құрды! (+ВИДЕО)

screenshot 20210408 131342

Әнші Шахизада тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

https://youtu.be/UTdere9EhfQ

Қуанышты хабарды әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

“Аллаға шүкір. Бүгін біз үшін ерекше бақытты күн. Махаббат жас таңдамайды, адамның көңілі қартаймайды. Достарым, сіздерге мың алғыс. Жақсы таза көңіл тілектеріңізге, бақытты болыңыздар, жақсыларым”, – деп жазды әнші.

Алайда әнші сүйіктісінің кім екенін көрсетпеген. Дегенмен Шахизаданың оқырмандары әншінің қуанышты хабарын естіп, тілек білдіріп жатыр.

“Өте дұрыс! Жалғыздық құдайға ғана жарасқан!”, “Махаббат жас талғамайды. Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Дұрысы сол өзгеру керек. Бала-бала деп, ертең қартайғанда шүйіркелесіп, шай ішіп отыратын жар керек”, “Құтты болсын! Қуаныш, той көп болсын. Аттаған ақ босағаңыз құтты, жайлы, берекелі, ырысты, несібелі болсын. Бақыттарыңыз баянды болсын. Ұстасқан қолдарыңыз ажырамай мәңгілік болсын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақтарыңыз бақытқа толы болсын”, – деп жазды әншінің оқырмандары.

Айта кетейік, Шахизада Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының тумасы. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы құрметті азаматы орденінің иегері.

Әншінің “Жан жарым”, “Мен саған ғашық едім”, “Қайран уақыт”, “Саған ғана”, “Ойымдасың” атты әндері жұртшылыққа кең таралған.

Exit mobile version