АТЫРАУДА ӘКІМ КЕЛЕҢСІЗ ВИДЕОҒА ТҮСІНІК БЕРДІ

shsh

Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағамбетов фейсбук пен вастап желісінде тараған видеоға түсінік берді, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Ербол Қонысбайұлының айтуынша, бейнежазбадағы құрылыс материалдары Мемлекеттік Тумен емес, көк түсті баннермен жабылған. Сондықтан Тудың қорланғанын айтып, халық арасында дүрбелең туғызуға еш негіз жоқ.

Осы орайда, біз Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталықтың атқарушы директоры Руслан Хамзаның пікірін білген едік.

– Жергілікті азаматтардың Мемлекеттік рәміздерге деген құрметі мен ерекше алаңдаушылығына өзім өте ризамын, – деді ол бізбен әңгімесінде. – Бірақ, мәселенің байыбына бармай жатып, қоғамға жалған ақпарат таратуға тағы болмайды. Сондықтан, әлеуметтік желіде қандайма бір жазба жарияламас бұрын, анық-қанығына көз жеткізіп алған жөн.

Мемлекеттік рәміздер – қай елдің болса да ең басты қасиетті құндылығы. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасы мен Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені, олар – халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылығымыз» деп айтқан болатын.

Мемлекеттік рәміздер бізді Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде – ұлттық мерекелерден бастап, спорттық жеңістерге дейін біріктіреді. Тарихымызда мемлекеттік нышандар, еңсерілмейтін құндылықтар ретінде, халқымызды жігерлендіріп, олар үшін ұлы ерліктер жасалған, олар үшін өмірлерін құрбан еткен мысалдар аз емес.

Бүгінде Қазақстанның көк Туы астында біздің адамдар ерлік жасап, ғылыми, мәдени және спорттық жетістіктерін көрсетеді. Біз түрлі салада жоғары жетістіктерімен еліміздің Көк байрағын көкте желбіретіп жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл – нағыз қазақстандық патриотизм.

Біздің Ту ғаламшарымыздың әр түкпірінде халықаралық олимпиадаларда көтерілді. БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде, Венадағы ЕҚЫҰ-ның штаб-пәтерінің жанында желбіреп тұр. Қазақстандық ғарышкермен ғарышта болып, әлемнің ең биік тау шыңдарын бағындырды. Осының барлығы Қазақстан қоғамының бейнесін біздің санамызда ғана емес, халықаралық аренада да қалыптастырылған.

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

1 пікір

Comments are closed.