Site icon Ақпараттық-танымдық портал

ТАРАЗДА КӨЛІК АЯЛДАМАДАҒЫ АДАМДАРДЫ ҚАҒЫП ӨТТІ (+видео)

2021 09 15 140146

Таразда жол-көлік оқиғасының салдарынан екі адам қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйекте Тараз қаласында Сейфуллин көшесімен Б.Момышұлы көшесіне қарай бет алған көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. ЖКО салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер Тараз қаласының тұрғыны – 23 жастағы жүргізушіні ұстады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Бірқатар қажетті сараптамалар реті тағайындалды.

– Құрметті көлік жүргізушілері, сіздерге жол үстінде аса мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы да ескертемін, – деп Жанат Сүлейменов жүргізушілерді жол тәртібін сақтауға шақырды.

Exit mobile version