БЕЙНЕТАСПАӘлемде

Төрт аяқты, төрт қолды бала дүниеге келді… (ВИДЕО)

17 қаңтарда Үндістанның Садар ауруханасында ерекше бала дүниеге келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Central Asia-ға сілтеме жасап.

Оның төрт қолы мен төрт аяғы бар. Жергілікті тұрғындар нәрестені Вишну құдайының бейнесі деп санайды, себебі оны әдетте көп қолды адам ретінде бейнелейді.

Босанудың кесарь тілігі арқылы болғаны атап өтілгенімен, нәрестенің жынысы айтылмады.

Дәрігерлер бұл ерекшелікті жүктілік кезіндегі асқынулармен байланысты деп санайды.

Айта кетейік, Үндістанда ауаның, топырақтың және судың өндірістік қалдықтармен ластануының жоғары деңгейі аясында мутацияға ұшыраған балалар мен жануарлардың тууы жиі байқалады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button