Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Той үстіндегі атысқа қатысты жаңа деректер пайда болды (+ВИДЕО)

izobrazhenie 2022 01 02 161819

Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойға қаруланған адамдар басып кіріп, оқ атқан.

Оқиға 1 қаңтарда болды. Кейін мейрамхана ішінде түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Видеодан екі адамның мейрамханаға кіріп, оқ атқанын көруге болады. Полицияда шабуылды дұшпандық қарым-қатынас негізінде жасалғанын мәлімдеді. 

“Күдіктілер анықталып, біреуі уақытша қамау изоляторына қамалды. Үржар ауданы полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша тергеу жұмыстары басталды. Аталмыш бапта 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастылырған”, – деді ШҚО Полиция департаментінде.

Exit mobile version