БЕЙНЕТАСПАҚазақстанда

Үш баланың анасы күйеуінен таяқ жеп көз жұмды (+ВИДЕО)

Алматыда үш баланың анасы күйеуінің қолынан көз жұмды. Ер адам қашып бара жатқан жерінен ұсталды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға Ақбұлақ ықшам ауданында болған. 42 жастағы әйелдің анасы үйдегі айқай-шуды естіп, учаскелік инспекторды шақырған. 

«Айқай-шуды естідім, балалары ойнап жүр деп ойладым. Неге екенін білмеймін, өзім кірген жоқпын. Анау шығып кетті де, жоқ болды. Артынан мен кірдім. Қызым төсекте жатыр, үстінде көрпе болды. Ұйықтап жатыр деп ойлап қалдым», – дейді ол.

Көрпені ашқанда әйелдің өліп қалғаны белгілі болды. Денесінің кей жері көгеріп қалған.

Алатау аудандық полиция бөлімінің инспекторы Дәурен Шәпкенов күдіктіні қашып бара жатқан жерінен ұстап алды.

«Мен оны Шәріпов көшесінің бойынан ұстап алдым. Сосын оқиға орнына алып келдім», – деді Шәпкенов.

39 жастағы күдікті өз кінәсін мойындаған жоқ.

«Мен кеткенде ол тірі болған», – дейді ол.

«Stan.kz»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button