АТЫРАУДАСАРАПТАМА

COVID-19 ІНДЕТІ ҚҰРМАНҒАЗЫ ЖӘНЕ МАҚАТ АУДАНДАРЫНДА ТІРКЕЛДІ

  Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 816 адамға жетті, – деп хабарлайды Жедел штаб.

   Атап айтқанда, олардың арасындағы 20 науқас Теңіз кенішінің жұмысшылары.  Олар Теңіз кен орнынан шығар алдында скринингтен өткен қызметкерлер.

-Инфекцияның тағы төрт жағдайының   жаңа ошықтары анықталды. Коронавирус инфекциясы 1988 жылғы Мақат ауданының тұрғыны, Жылыой жауданының екі тұрғыны –  1993 жылғы  әйел мен  1976 жылы туған ер адамда  расталды. Сондай-ақ,  Құрманғазы ауданының 1999 жылғы  тұрғыны да дертке шалдықты,- деді Жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды, олар тиісті хаттамаға  сәйкес ем алады.

Қазіргі уақытта инфекция ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.  Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Осылайша, Атырау облысында  қауіпті дертке шалдыққандар  саны  813  адамға жетті.  Ал,  коронавирустан айыққандар саны – 203.

Тақырып бойынша мақалалар

Бір Пікір

Back to top button