АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ІНДЕТІН ЖҰҚТЫРҒАН 11 АДАМ ТІРКЕЛДІ

COVID-19 жұқтырған 2 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олардан скринингтен өту кезінде инфекция анықталды.
Ал тағы 7 жағдай Жылыой ауданында тіркелді. Олардың ішінде екеуи ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген, ал бесеуі инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.

Сондай-ақ бір адам 1993 жылы туған Атырау қаласынын тұрғыны, инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған. Ал тағы біреуі 1963 жылы туған Құрманғазы ауданының тұрғыны . Ол ЖРВИ симптомы бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button