АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ КӨШЕДЕ ФЛЭШМОБ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ (ВИДЕО)

Денсаулық сақтау Министрлігі ұйымдастыруымен кеше ірі қалалардағы жедел жәрдем көліктері орталық көшелермен дыбыстық сигналдары мен түсті жарқылдауық маяктарын іске қосып өтіп шықты.

 «Егер Сіз жедел жәрдем көлігінде болғыңыз келмесе, үйде болыңыз!» – деген ұранмен өткен шарадан Атырау қаласының жедел жәрдем қызметкерлері де қалыс қалмады.

«Бұл акцияның мақсаты – халыққа карантиндік шаралардың маңыздылығын нақты көрсету. Өз денсаулықтарыңызды қорғау дәл казір өз құзырыңызда. Ол үшін жай ғана өз мекеніңізде, жақындарыңызбен аман отырыңыздар!», – делінген  Атырау облыстық жедел-жәрдем станциясының хабарламасында.

Дегенмен, әлеуметтік желідегі халықтың пікірінен бұл акцияны қолдағандардан гөрі түсінбей, үрейі туғандар көп болғандығын байқаймыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button