АТЫРАУДАСАРАПТАМА

Махамбетте 42 көше шамдары сынды

Қашып кетуді көздеген бұзақыларды тәртіп сақшылары дереу қолға түсірді.

– 2020 жылдың қаңтар айының 3-нен, 4-не қараған түні бір топ кәмелетке толмаған жасөспірімдер көше сақшыларының қолына түспес бұрын, орталық саяжолдың жарық шамдарын сындырып, 150 метрлік жарық бергіш тоқты үзген. Оқиғаға қатысы бар 6 баланың 2-і О.Шонаев және Е.Ағелеуов орта мектептерінің 10-сынып оқушылары, – депті, zh-shugylasy.kz сайтына Махамбет аудандық полиция бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны Е.Ақкөзов.

Қазіргі таңда аталмыш оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің №202 бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button