АТЫРАУДАСАРАПТАМА

ОБЛЫС ӘКІМІ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫН ТҰРАҚТЫ ҰСТАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыс орталығындағы әмбебапмаркет, көтерме базарлардың бағасын тексеріп, бағаны жөнсіз өсірмеуді тапсырды, — деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.  

Аймақ басшысының айтуынша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеудің нақты механизмдері жасалған. Атап айтқанда, «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы «Идеал Маркет» ЖШС-не 400 млн. теңге несие бөлді. Жасалған келісімге сәйкес, «Идеал Маркет» әлеуметтік маңызға ие 15 тауар түрін төмен бағада сатады» — деді «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының директоры Дмитрий Дю.

whatsapp image 2020 05 12 at 16.13.27

Бұл тізімге күріш, қант, макарон өнімдері, қарақұмық, күнбағыс майы, сары май, нан, айран, сүзбе, тауық жұмыртқасы, сиыр еті және басқа да өнімдер кіреді.

Айта кетелік, «Идеал Маркет» сауда кәсіпорнының аймақта 36 супермаркеті бар. Оның ішінде 33 нүктесі Атырау қаласында, 3 нүктесі Жылыой, Индер аудандарында орналасқан.

Келер жылы тұрақтандыру қорына 915 тонна көкөніс (яғни,  500 тонна картоп, 150 тонна пияз,  115 тонна сәбіз және 150 тонна орамжапырақ)  сақтау жоспарланып отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button