COVID-19АТЫРАУДА

Атырауда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған

«Бұл туралы Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлназ Ирбатырова  онлайн брифингте айтты» деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

–  Аурушаңдықтың басым бөлігі осы шілде айында көптеп кездесті, яғни 9445 жағдай тіркеліп отыр. Тамыз айының он күні ішінде облыс көлемінде 4379 жағдай тіркелді.

Жалпы тіркелген аурушаңдықтың басым бөлігі Атырау қаласында, яғни 60%.

Эпид ахуал нашарлаған аудандар көшін Жылыой, оның ішінде Теңіз кен орны бастап тұр.

  Клиникалық шағым белгілері бойынша аурудың анықталуы –  59% .

  Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар арасында, профилактикалық мақсатта тексеру кезінде инфекцияның анықталу көрсеткіші  15-20%.

Бұл жағдайдың қиындағанын көрсетеді, -дейді Атырау облысы санитариялық-эпидемио логиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлназ Ирбатырова.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button