Атырау облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың күрт төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 80 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 48 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 6 науқас, Исатай ауданында – 1, Қызылқоға ауданында – 3, Құрманғазы ауданында- 4 науқас, Махамбет ауданында – 3 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 48 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 32 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 664 адам емделді.
Қазір 5 121 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 174, екінші облыстық ауруханада – 135 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 67, кардиоорталықта – 34, т/ж ауруханасында – 21 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 12, жатақханада – 71,
аудандық инфекциялық стационарларда – 191. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 234 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта.