Атырауда емханалар жоспарлы қабылдауды уақытша тоқтатты

by Depti
0 views

Себебі, Атыраудағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауда…


Өңірдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің барлық объектілері (емханалар, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар) пациенттерді жоспарлы қабылдауды уақытша тоқтатты.


«Науқастарды жоспарлы қабылдауға скринингтер, медициналық тексерулер, дәрігерлердің профилактикалық тексеру жатады. Дегенмен, учаскелік емхананың тіркеу бөліміне хабарласып, медициналық мамандардан онлайн-форматта кеңес алуға мүмкіндік бар.


Дегенмен, дәрігерге шұғыл жағдайда жүгіну шақыртуларын қабылдау жалғасуда. Емханалардағы  егу пункттері демалыссыз жұмыс істейді» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметте.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com