Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Атырауда кафе мен мейрамханалар қалай жұмыс жасайтыны белгілі болды

fb img 1623652557636

Атырауда кафе мен мейрамханаларға түскі асқа дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Кеше, 26 шілде де Атырауда жаңа жарлыққа қол қойылды, – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Құжатқа сәйкес, қазір Ashyq-қа қатыспайтын кафе мен мейрамханалар тек сағат 07.00-ден 12.00-ге дейін жұмыс істей алады. Келушілерді QR-код бойынша қабылдайтын нысандар 17: 00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, ұжымдық іс-шараларға тыйым салынатындығы, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр болуы керек екендігі және бір үстелге төрт адамнан артық болмайтындығы айтылды.

«Асханалардың жұмысы жұмыс күндері сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі мен жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салынады (ұйымдасқан топтардың асханаларын қоспағанда)» – делінген Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында.

Exit mobile version