COVID-19АТЫРАУДА

Атырауға тағы 5 мың доза вакцина жеткізілді ​

Оның 4 мыңы Теңіз кен орнының қызметкерлерін вакцинациялау үшін бөлінген, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгін, 26 сәуір күні Атырауға Ақтөбе фармацевтикалық хабынан аталған вакцинаның кезекті партиясы әкелінді. Қазір оларды 25 екпе нысаны бойынша бөлу жұмыстары жүріп жатыр. Бағалы жүк тиісті температуралық режимді сақтай отырып, арнайы мұздатқыш камералы көліктер арқылы тасымалданады.

Соңғы ресми ақпарат бойынша, биыл 1 ақпан мен 23 сәуір аралығында Атырау облысына 37 200 доза жеткізілген. Оның ішінде, І компонентпен 16049 және ІІ компонентпен 4068 жергілікті тұрғын егілген.

«Денсаулық сақтау басқармасы Атыраудың ірі сауда орталықтарынан қосымша нүктелер ашуды көздеп отыр» делінген баспасөз хабарламасында.


Сондай-ақ, аталған басқарма бұйрығымен өңірдегі ірі кәсіпорын қызметкерлерін вакцинациялау мақсатында екі мобильдік бригада өз жұмыстарын бастады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button