Site icon Ақпараттық-танымдық портал

COVID-19: Атырау қаласы ауру ошағы болып отыр…

0 28

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 86 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 56 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 13 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 4 жағдай, Индер ауданында – 2, Исатай ауданында – 3 науқас анықталған, Қызылқоға ауданында – 1, Мақат ауданында – 2, Махамбет ауданында – 5 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 48 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 38 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 478 адам емделді.

Қазір 3 028 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 151, екінші облыстық ауруханада – 135 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 61, кардиоорталықта – 13, т/ж ауруханасында – 14 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 11, жатақханада – 33, аудандық инфекциялық стационарларда – 147. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 136 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Exit mobile version