COVID-19АТЫРАУДА

«Covid-19»: Атырауда қауіпті індеттің өршуіне байланысты мобильді топтар демалыссыз жұмыс істейді

Бүгінгі таңда облыс жұртшылығына 126 мобильді топ қызмет көрсетуде, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеп.

Коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар үшін 126 көшпелі мобильді топ жұмыс жасаса, олардың 59%-ы – аудандарда. Емханалар жанынан қызмет көрсететін мобильді топ үй жағдайында кешенді қызметтер көрсетеді. Атап айтқанда, медициналық тексеру, ем тағайындау, рецепт жазып беру, манипуляциялар жүргізу, дәрі-дәрмектерді үйге жеткізу.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап мобильді бригадалар күшейтілген режимде демалыссыз жұмысқа көшті.
Коронавирустық инфекция диагнозы қойылған науқастардың жағдайы амбулаториялық негізде үнемі бақылауда. Қазіргі уақытта қауіп тобына жататын 65 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер мен балалар, сондай-ақ динамикалық бақылаудағы созылмалы аурулары бар пациенттер, пневмониямен ауыратын науқастар амбулаториялық деңгейде медицина қызметкерлерінің бақылауында болуы қажет. Науқастар саны артқан жағдайда облыста қосымша 20 мобильді топты іске қосу жоспарланған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button