Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 198 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 107 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 18 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 25 жағдай, Индер ауданында – 11 науқас анықталған, Исатай ауданында – 13,
Қызылқоға ауданында- 14, Құрманғазы ауданында – 1, Мақат ауданында – 3, Махамбет ауданында – 8 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 110 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 88 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 636 адам емделді.
Қазір 7 350 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 166, екінші облыстық ауруханада – 148 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 51, кардиоорталықта – 77, т/ж ауруханасында – 83 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 36, жатақханада – 72,
аудандық инфекциялық стационарларда – 255. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 355 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта.