Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Covid-19: Атырауда тағы 127 науқас тіркелді

0 28

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 127 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 62 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 13 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 9 жағдай, Индер ауданында – 9 науқас анықталған, Қызылқоға ауданында  – 13, Құрманғазы ауданында – 7, Мақат ауданында – 5, Махамбет ауданында – 9 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 67 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 60 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 696 адам емделді.

Қазір 4 567 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 176, екінші облыстық ауруханада – 135 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 68, кардиоорталықта – 34, т/ж ауруханасында – 19 адам ем алуда, облыстық ауруханада – 12, жатақханада – 67,
аудандық инфекциялық стационарларда – 184. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 227 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта.

Exit mobile version