COVID-19Қазақстанда

Фейк: «Вакцинация мидың бұзылуына әкеледі»

Қазақстандықтар КВИ қарсы вакциналар мидың бұзылуына әкелетіні туралы қауесет таратуда. Имундауға арналған дәрі-дәрмекте болатын коронавирустың SARS-CoV-2 спайк-ақуызы осындай әсер тудырады екен. Бұл өтірік.

Таратылған видеода доктор Райан Коул коронавирустың спайк-ақуызы қауіпті токсин деп мәлімдейді. Вакцинацияға қарсылық танытатын ол бұған дейін де иммундаудың зияны туралы негізсіз және ашық жалған мәлімдемелер жасаған. Мысалы, ағымдағы жылдың шілде айында біз оның КВИ қарсы вакциналардан болатын өлім-жітім соңғы 20 жылдағы барлық басқа вакциналардан болған өлім-жітімге қарағанда көп екендігі туралы тезисін теріске шығарған болатынбыз.

Вакциналардағы спайк ақуызының уыттылығы туралы теория да жалған. Бұған дейін оны доктор Байрам Брайд айтқан болатын. Ол таратқан мифтерді шетелдік фактчекерлер жоққа шығарды.

Шын мәнінде, спайк-ақуыз – бұл коронавирустың бетіндегі «тікенек». Патоген осы ақуыздар арқылы жасушаға енеді. Ақуыздың өзі ауру тудырмайды.

COVID-19 қарсы вакциналарда SARS-CoV-2 коронавирусының спайк-ақуызы жоқ. Олардың құрамына тек осы ақуызды кодтайтын ген ғана кіреді.

QazVac және CoronaVac сияқты инактивтендірілген вакциналардағы вирустың өзі де, оның ақуыздары да адамға зиян тигізбейді, өйткені препараттағы патоген «өлтірілген» және көбейе алмайды.

Вакциналардың құрамына кіретін спайк-протеиннің уыттылығы туралы теориялар нақты вирустың спайк-ақуызын зерттеуге негізделген. Ғалымдардың бірнеше еңбегінде мұндай ақуыздардың қан тамырлары мен өкпе тіндеріне әсер етуі, тіпті тышқандарда гематоэнцефалитикалық тосқауыл арқылы өтуі мүмкін екендігі рас деп айтылған.

Алайда, бұл адам вирусты ауа тамшы жолдарымен жұқтырған кезде ғана болады. Бұл ретте ағза көптеген спайк-ақуыздан тұратын тұтас өлтірілмеген және әлсіздендірілмеген вирусқа тап болады. Екпе салдырған жағдайда адамға белсенді емес вирусты немесе спайк-ақуызды кодтайтын жеке ген егіледі.

КВИ қарсы вакциналар мидың бұзылуына әкелетіні туралы теориялар Facebook әлеуметтік желісіндегі әзіл ақпаратқа негізделген. Пайдаланушылардың бірі қастандық теорияларын жақтаушылармен әзілдемек болып, препарат миға зақым келтіруі мүмкін деген «ескерту жапсырмасы» бар вакцина қаптамасының суретін жариялаған. Бұл туралы USA Today басылымында жазылды.

Бүгінгі таңда әлемде 3,21 миллиард адам тұрады. Олардың 2,21 миллиарды препараттың екі дозасымен егілген. Бірақ мидың бұзылу жағдайлары туралы хабарлан жоқ.

Демек, вакцинация мидың бұзылуына әкеледі деген пікірлер өтірік. Олар жоққа шығарылған қастандық теориясына және пайдаланушылар шын деп қабылдаған әзілге негізделген.

«stopfake.kz»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button