Site icon Ақпараттық-танымдық портал

ШҰҒЫЛ: Атырауда жалған вакцина паспортын сатқан медбике ұсталды

1611034980

Атырауда жалған вакцина паспортын сатқан медбике ұсталды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласындағы емхананың бірінде заңсыз жолмен вакцина паспортын жасаған медбикенің ісі әшкереленді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевтің айтуынша, бұл – өңірде тіркеліп отырған бірінші оқиға.

Қазіргі таңда медицина қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 31 шілде күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Атырау облыстық әкімдігі мен прокуратурасымен бірлесіп Egov.kz ақпарат жүйесіне “Covid-19” вакцинасын алу туралы ақпаратты нақты егілмеген адамдарға ақшалай сыйақы үшін енгізумен айналысқан 1981 ж.т., медициналық қызметкерді анықтап, ұстады. Кінәсін мойындаған күдікті, жалған ақпарат енгізу үшін 10 мың теңге алғанын айтқан.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Exit mobile version