Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Темекі вакцинадан кейінгі антиденелерді азайта ма?

kuryeniye 3

Темекі шегу коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ағзадағы антиденелер мөлшерін азайтады, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Докке және Джичи медициналық университеттерінің жапондық ғалымдары вакцинацияланған дәрігерлердің қан үлгілерін зерттеп, осындай қорытындыға келген. 

Мамандар Pfizer коронавирустық вакцинасының екінші компонентімен вакцинациядан үш ай өткен соң 378 медицина қызметкерінің қан үлгілерін зерттеді. Осылайша, сарапшылар SARS-CoV-2-ге қорғаныс антиденелерінің титрлерінің деңгейін есептегісі келген. Талдау кезінде науқастың ауру тарихы, жасы және жаман әдеттері туралы мәліметтер ескерілген.

Одан әрі ғалымдар темекі шегетіндер мен темекі шекпегендердің талдауларын салыстырды. Бірінші топтағы қандағы антиденелердің концентрациясы, жынысына қарамастан, нормадан 140-250 бірлікке төмен екендігі белгілі болды. Сондай-ақ, егде жастағы еріктілерде IgG-дің деңгейі төмен екенін де анықтаған.

Иммунологтар темекі шегуден бас тарту коронавирустық вакцинаның жеке тиімділігін жақсарта алады деген қорытындыға келді. Яғни, жаман әдеттен бас тартқандардың жасушалық иммунитеті күшті болады деген сөз.

Exit mobile version