Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Жаппай вакцинациялау қалай жүреді?

img 20210201 wa0186 1

3 сәуірден облыс тұрғындарын жаппай вакцинациялау басталды. Ол коронавирустың алдын алу, оған қарсы ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында қолға алынып отыр. Бүгінде осы жұмыстар қалай ұйымдастырылуда?

Жансақтау бөлімінде – 15 науқас Облыста індет басталғалы 18940 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның ішінде соңғы тəуліктерде 100-ден астамынан инфекция анықталып отыр. Жан сақтау бөлімінде 15 науқас бар. 13-нің жағдайы ауыр, 2-уі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Үш науқастың жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Коронавирус инфекциясына қарсы күресте ұжымдық иммунитет қалыптастырудың бірден-бір жолы – екпе алу. Мемлекет басшысының т а п с ы р м а с ы н а с ə й к е с , е л д е 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинациялау басталды. Осы мақсатта өңірде 22 екпе пункті жұмыс жасауда. Бірінші кезекте коронавирус инфекциясын жұқтыру қауіптілігі жоғары адамдар екпемен қамтылып отыр. Олардың қатарында медицина, санитарлық-эпидемиологиялық саланың қызметкерлері, педагогтар, учаскелік полицейлер, студенттер, төтенше жағдайлар, мемлекеттік күзет қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, тағы басқалары бар. 3600 доза вакцина жеткізілді Б ү г і н д е о б л ы с х а л қ ы н а коронавирусқа қарсы жаппай «Спутник V» екпесі салынып жатыр.

Ө к і н і ш к е қ а р а й , ө ң і р д е эпидемиологиялық ахуал күрделеніп келеді. Бұрын науқастардың басым бөлігі «Теңіз» кен орнында тіркелсе, бүгінде Атырау қаласында вирус жұқтырушылар көп. Мəселен, соңғы тəулікте 103 адам індеттің ілмегіне ілініп, оның 79-ы Атырау қаласында орын алды.

Осы жəне өзге жағдайларды мəлімдеген құзырлы орын өкілдері аурудың алдын алып, бірінші толқындағы жағдайларды қайталамау үшін тұрғындар сақтық шараларына бейжай қарамау қажеттігін тағы да атап айтты. Олар көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға да жауап берді.

 – Өңірде коронавирустық инфекцияның британдық штамы анықталды деген ақпарат қаншалықты рас?

 – Қазір мутацияға ұшыраған вирустың нақты қай штамға жататынын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зерттеу қорытындысы əзірге шыққан жоқ.

– Түзету мекемелерінде сотталғандарға вакцина қалай салынады?

 – Олар да республика азаматтары. Сондықтан екпе салу бұл адамдардың келісімімен ерікті түрде жүргізіледі.

 – Екпе салған орын қызарып, ісуі мүмкін. Дене температурасы көтеріледі. Бұл – кез-келген екпе алғанда ағзада болатын жағдайлар. Ал кейбір адамдарда дене қызуы мүлдем көтерілмеуі мүмкін.

 Атырау қаласында өткен аптада жас қыз өзінің ұзату тойының алдында екпе алып, соның əсерінен көз жұмды деген əңгіме тарады. Бұл қаншалықты рас? Жалпы екпеден соң қайтыс болғандар бар ма?

– Ө ң і р д е е к п е д е н к е й і н қайтыс болғандар жоқ. Екпемен қамтылғандардың барлығы алдын ала дəрігерлік тексеруден өтті. Одан əрі 30 минут бойы дəрігердің тұрақты бақылауында болды. Екпеден кейін сырқаттанып қалып, ауруханаға жеткізілгендер тіркелмеді.

– Жаппай вакцинациялау кезеңінде азаматтардың екпе таңдау құқығы бола ма?

– Қазір елде «Спутник V» вакцинасы ғана салынуда. Алдағы уақытта Қытайда өндірілген вакцина жеткізіледі. 15 сəуірден бастап қазақстандық екпе қолданысқа шығарылады. Сол кезеңдерде екпелер азаматтардың таңдауы бойынша алынады.

 Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Exit mobile version