Мәдина Сәдуақасова жаңалығымен бөлісті

by Depti
0 views

Мәдина Сәдуақасова әлеуметтік желіде белсенді болғанымен, жеке өмірін жұртқа жариялағанды ұнатпайды.

Instagram-да тек шығармашылығына қатысты жаңалықтармен бөліскенді жөн көреді. Отбасын көпшіліктің көзінен жасыруына жары Олжастың өзі себеп болған. Бұл туралы Мәдина Harper’s Bazaar басылымына берген сұхбатында айтты.
“8 жыл бұрын менің тойым болған кезде, бүкіл Қазақстанға гүрілдеген. “Мәдина Сәдуақасова тұрмысқа шықты, жолдасы режиссер, өзінен 7 жасқа кіші” деп шулады. Сол кезде ЗАГС-қа келген журналистерді көріп, Олжас жағасын ұстап: “Енді менің өмірім осындай бола ма? Мен келіспеймін. Маған мынадай өмір керек емес. Тыныш өмір сүргенді ұнатамын”, деді. Содан кейін көп көрсетпеймін”, – дейді Мәдина ағынан жарылып.

Әнші жұбайымен түскен суреттерін желіге сирек жүктегендіктен, көпшілік оның жеке өміріне қатысты сұрақтарды жаудыратын көрінеді. Тіпті, әншіні осы қылығына бола “ажырасты” деп ойлайтындар жетерлік екен. Алайда қаншама жылдар бойы халықтың алдында жүргендіктен, Мәдинаның еті бұған әбден үйренген.

“Кеше ғана “ажырасты” деп жазған комментаторлар “жолдасы қайда, неге көрінбейді?” деп жазады.

Негізі үшеуміз көп жүреміз. Тек қана шетелге шыққан кезде ол кісі камераға мән бермейді. Өйткені басқа нәрселерге алднады. Ал қонаққа, киноға, театрға, Медеуге барған кезде, ол маған: “Телефоныңды салып қойшы, тек демал, көр, мені де, өзіңді де түсірме”, – дейді. Соған мен де үйреніп қалды. Тек қана демалысқа шыққан кезде алған әсерімді түсіргім келеді. Жеке өмірім өнерім сияқты қайнап жатыр. Тек көп көрсетпеймін”, – дейді Сәдуақасова.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com