Қазақстанда

30 ЖЫЛ БАЛА СҮЙМЕГЕН 49 ЖАСАР ӘЙЕЛ ЕГІЗ ҰЛ ТУДЫ

Алматы қаласының тұрғыны Қансұлу Әбдімұратова тұрмысқа шыққан соң ұзақ уақыт бойы сәби сүйе алмаған. Жақсылықтан үміт үзбеген оның 30 жылдан кейін өмірге зарыға күткен егіз ұлы келіпті.

Келіншек шаңырақ көтерген соң он шақты баланың анасы болуды армандаса да,  30 жыл бойы құрсақ көтере алмапты.

«Емделдім, қаралдым, бармаған жерім қалмады. Қазір бір тырнағың кем болса, соны тығып жүресің ғой. Ал 30 жыл бойы баласыз жүру – мен оны сөзбен айтып жеткізе алмаймын.30 жыл бойы «балалы боламын, балалы болуым керек, балалы болуға лайықтымын, күйеуімнің ұрпағын жалғастырамын, сол үйдің отын өшірмеймін бармаған жерім жоқ» – depti Қансұлу.

Келіншектің сөзінше, дәрігерлерге барған кезде күйеуінің де, өзінің де денсаулығынан ешқандай кінәрат табылмаған. Ақ халаттылар Қансұлудың үмітін үзбей, 15 жылдан кейін де сәбилі болып жатқандар барын айтыпты.

Қай жерде жақсы дәрігер бар десе, мен сол жерге барып,  қанаттанып келген күні де, жылап келген кезі де болыпты. « Балалы бола алмасам, біреудің бақытын байламайын деп күйеуіме рұқсат берген күнім де болды. Бірақ жолдасым: «Бұл Алланың маған берген сынағы. Екеуіміз бірге төзейік, мұның артында бір жақсылық болады деп рұқсатын бермеді» – depti жүрегі сыздаған әйел.

Бірнеше жыл сәби иісін иіскемесе де, ерлі-зайыптылар сынаққа сынбай, бәрінен бірге қол ұстасып өтіпті. Соның нәтижесінде Қансұлу Әбдімұратова 30 жылдан кейін, 49 жасында Асқарлы және Айбарлы есімді қос ұлды өмірге әкелген.

«49 жасымда кесарь тілігімен босандым. Тек мен емес, менің отбасым емес, қайын жұртым емес, мені таныған бүкіл достарым, жолдастарым, әріптестерім барлығы, бүкіл халық қуанды», – depti бақытты ана.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button