Қазақстанда

«50 мың теңге»: Министрлер азық-түлік алуға қанша жұмсайтындарын айтты

Әр министрдің тәбеті әр түрлі. Бүгін Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айына азық-түлікке қанша жұмсайтынын айтты.

Бұл туралы Express Qazaqstan мәлім етті.

«Соңғы кездері осы сұрақ журналистерді неге көп мазалап кеткенін түсінбедім. Шын мәнінде бізде өзге қарапайым адамдар сияқты өмір сүреміз. Менің отбасым да басқа орта деңгейдегі отбасының шығынымен бірдей жұмсайды. Әрине, айына 50 мыңға тамақ ішпейтініміз анық. Біз 200 мың теңгедей жұмсаймыз», — дейді министр.

7 қараша күні 43 жасқа толған Мағзұм Мырзағалиев бес баланың әкесі.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлікке айына отбасымен 50-60 мың теңге жұмсайтынын айтқан.

Бәрі сатып алатын нан, сүт, қант аламыз. Басқа не айтуым керек екен? Біздің де отбасымыз дәл сіздердікіндей. Шамамен айына 50-60 мың кетеді

— деген еді Ә.Ерғалиев.

Ал Мәжіліс депутаты Анатолий Симонов 250 мың теңге жұмсайтынын мәлім еткен.

Бұл мәселенің соңғы кездері жиі көтерілуіне елдегі азық-түлік бағасының шарықтап кетуі себеп болып отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button