Site icon Ақпараттық-танымдық портал

6-сынып оқулығында порносайтқа сілтеме табылғаны рас па?

uchebniki

Танымал қазақстандық Telegram-чатта ата-аналарға арналған ескерту таратылуда. 6- сыныптарға арналған Ағылшын тілі оқулығында порносайтқа сілтеме табылған екен. Бұл ақпараттың Қазақстанға қатысы жоқ.

Шын мәнінде, қазақстандық Telegram-чаттардың пайдаланушылары ресейлік ақпаратты көшіріп алған. Ресейлік БАҚ-тар шет тіліндегі оқулықта әдепсіз мазмұндағы порталға сілтеме табылғаны туралы хабарлаған. Аталған сілтеме Spotlight оқулығында. Қазақстандық мектептерде ұсынылған құралдар тізімінде ол жоқ.

Порносайттың сілтемесін суреттердің бірінен ата-аналар мен оқушылар байқаған. Оның ұсақ жазылғаны сонша, тіпті электронды нұсқада оны бірнеше рет үлкейтсе де көру мүмкін емес.

Таңбалар оқу құралының баспа нұсқасында ғана көрінеді. Fontanka.ru басылымының хабарлауынша, сілтеме бірнеше әдепсіз фотосурет, бір эротикалық әңгіме және сальса билеп жатқан ер мен әйелдің видеосы жарияланған сайтқа апарады.

Exit mobile version