Былтыр елімізде 30 мыңға жуық адам қаржы пирамидаларының әрекетінен зардап шекті.
Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларын жарнамалаған жұлдыздарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр. Бұл жөнінде департамент прокуратураға ұсыныс жолдап үлгерді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Ведомство мәліметінше, былтырдың өзінде 30 мың адам қаржы пирамидаларынан зардап шекті. Шығын сомасы – 54 миллиард теңге. Сондай-ақ мұндай пирамидаларды жарнамалауға қазақстандық танымал блогерлер, актерлер, әншілер мен спортшылар жиі тартылады.