Айдос Сарымның әкесі өмірден өтті…

Қазақ телевизиясының ардагері Әміролла Сарым дүние салды, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Қаралы хабарды Қазақстан президентінің көмекшісі Ерлан Қарин жеткізді.

«Айдос Сарымның әкесі Әміролла ағамыз өмірден өтті деген қаралы хабар жетті. Қазаның арты қайырлы болсын. Бекем бол, Айеке! Әміролла Сарым қазақ телевизиясы мен радиосының дамуына зор үлес қосқан ардагер журналист болатын. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Қазақстан» корпорациясында қызмет еткенде ағамызбен жиі жүздесіп, пікір алмасқан едік. Ол сырқатына қарамай, қазақ телевизиясының 60 жылдығын ұйымдастыруға белсене атсалысты», – деп жазды ол.

Exit mobile version