Қазақстанда

АЙҚЫН ТӨЛЕПБЕРГЕН: «ГАРАНТ 24»-КЕ МЕН ДЕ АЛДАНЫП ҚАЛДЫМ

Қазақ эстрадасының  әншісі Айқын Төлепберген «Гарант 24» жарнамасына түскені үшін, барша қазақстандықтардан кешірім сұрады.

«Бұл компанияға ешқандай қатысым жоқ. Сіздер сияқты мен де алданып қалдым. Компанияға мені досым алып барды. Ол «көлігіңді қымбатқа сатып, арзанға басқа көлік сатып аласың» деді. Құжатын көріп, көз жеткіздім. Келісімшарты да көрдім. Көп көлік пен пәтер сатын алынғанын да көрдім. Бұл жерде мен ломбард деп ойладым. Кәдімгі қымбат бағаға өткізуге болады деп ойладым. Мен өзім арзан бағаға көлік күттім. Алдандым. Досым да алданғанын айтып отыр. Осы арқылы кейбір достарым арзан бағаға көлік алып, кейбір достарым шын мәнінде көліктерін қымбатқа сатты. Сондықтан олардың жарнамасына түскен едім», – depti әнші инстаграм парақшасында.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button