Алматы базарында қырықтағы азаматты 2 мың теңгеге сатқан

img 74765

Адам саудасы бойынша халықаралық рейтингте, Қазақстан екінші орында тұр.

Биыл да ел ішінде 141 қылмыстық іс қозғалған. Ішкі істер министрлігі бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстар аз емес дейді. Бірақ соған қарамастан жағдай оңалар емес. Әріптесім Әсел Дүкембаева, базарда 2 мың теңгеге саудаланған ер азаматтың жақындарымен тілдесті. Әсияның ағасы Тараздағы базарлардың бірінде етікші болып, нан тапқан. Табысы мардымсыз болғандықтан, Алматыға жол тартыпты. «Алтын Орда» базарында 40 жастағы ер адамды әлдекім 2000 теңгеге сатып алған дейді.

Әсия, ҚАРЫНДАСЫ: Бір машина келіпті, киімдерін, документтерін алуға. Сосын ағам әпкемізге айтыпты, мені жібермеші, алдап-сулап алып келдім мыналарды киімдерімді аламын деп. Сөйтсе алып келгендер айтыпты, біз бұны 2000 теңгеге сатып алғанбыз. Сонда «Алтын Орда ма» базарда глухо-немой адамдарды сатады екен. Алматыда бір фирмада ұстап отырған екен, ұрады тепкілейді. Қылмыстың бұл түрі, арзан жұмыс күшіне деген сұраныстан басталып, зорлық-зомбылыққа жалғасады. Тіпті  туылмаған, ішіндегі шаранасын саудаға салып жүргендерде аз емес. Баламды сенімді қолға беремін деп жарнамалайтындардың да көздегені ақша. Ақтаудың бір адамдарынан сөйлесіп қойдым, ол кісілер 2 миллион беремін балаң маңызды деп отыр. Хабар күтіп отырмын әзірге. Балаға қатты мұқтажбыз деп отыр. Ал құзырлы органдардың айтуынша, адам саудасына қарсы тұруда тұрғындардың қырағылығы маңызды. Олар  жастарға шетелде жұмыс беруге, жоғары табыс табуға уәде беретін де жағдайлар барын ескертті.

Қанат НҰРМАҒАМБЕТОВ, ҚР ІІМ КРИМИНАЛЬДЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ешкімге жеке құжаттарыңызды бермеңіздер, жұмыс түрін анықтап алыңыздар. Басқа қалаға немесе елге шықпас бұрын құжаттарыңыздың көшірмесін қалдырып кетіңіздер. Және мекен-жайыңызды жақындарыңызға айтып қойыңыз. Заңгерлер де адам саудасы, бұл табыс көзіне айналғалы қашан деп отыр.

Марат БӘШІМОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, ЗАҢГЕР: Шын айтсам мына проституциямен де күресу керек. Өйткені  кейде күлкіге айналып кетеді . Бәрі біледі, кто крышует, кім ұстап тұрғаны  оның ішінде полицейде кіріп келеді. Сарапшылар да айтады, полицейлерде ақшаларын алып отырмыз деп. Жыл сайын мыңдаған ер азаматтар, әйелдер мен балалар өз елдерінде, кейде шет елдердегі адам саудалаушылардың қолына түседі. Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында жұмыстар атқарылып жатқанымен, нәтижесі мардымсыз болып тұр.

«Астана»

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: