Алматыда тағы бір қыз бесінші қабаттан секіріп кетті

jpg1270746

Алматыдағы үш баласымен бірге секіріп кеткен Жетісу-1 шағын ауданында тағы бір оқиға орын алды.

Бұл жолы 26 жастағы әйел дәрі ішіп алып, 5-қабаттан секіріп кеткен. Алматы полициясы 1995 жылы туған әйелге қатысты өз-өзіне қол жұмсау фактісін растады. 

Өмірімен қоштасу үшін әйел алдымен дәрі ішіп алған. Ол өзін уландырғаннан кейін пәтердің 5-қабаттағы терезесінен секіріп кеткен. 

Әйелдің өзін-өзі өлтірмек болғанының алдын ала себебі жұбайымен ажырасуы болуы мүмкін. Басқа деректер анықталып жатыр. Тергеу ҚР ҚК-нің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша жүргізілуде.

5-қабаттан құлағаннан кейін оның тірі қалғаны анықталды. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы оның жағдайы жөнінде пікір білдірді. 

«Жағдайы ауыр. Есін біледі. Қарқынды терапия анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жалғасуда», – деп хабарлады ведомстводан. 

Stan.kz

Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: