Қазақстанда

Алматыда тағы бір жүкті келіншек терезеден секірмек болды

Қаскеленде 41 жастағы жүкті әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болды.

Stan.kz мәлім еткендей, оқиға орнындағы суреттер әлеуметтік желілерде таралып кетті.

Қаскелен перинаталдық орталығының 41 жастағы науқасы өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйелді жедел жәрдем қызметкерлері құтқарып қалды.

Белгілі болғандай, полицейлер бұған дейін Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге апару) бойынша қылмыстық іс қозғап, тексеру ұйымдастырған.

«Расында, бұл оқиға 24 қазан күні Қаскелендегі перзентханада орын алған. Барлық мән-жай мен себептер тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button