Алматының коменданты МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕ жасады

«Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалар ертең, яғни 19 қаңтарда, заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақырулар таратып жатыр. Осыған байланысты митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі заңмен реттелетінін ескертемін.

Алайда ұйымдастырушылардан жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарламалар мен өтініштер бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы хабарламалар түспеген, сәйкесінше, заңнаманы бұза отырып бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оларға қатысу заңсыз әрекет болып саналады және Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 488-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен ұштасқан болса, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 400-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Құрметті жерлестер, қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз әрекеттерге қатысудан аулақ болуға шақырамын» деді Алматы облысының коменданты Серік Күдебаев.

Exit mobile version