Site icon Ақпараттық-танымдық портал

Ақмола облысында тағы да бала өлімі тіркелді

jhr8pxdq 580

Ақмола облысында қараусыз қалған бала әжетханаға арнап қазылған шұңқырға құлап, қайтыс болды. Оқиға орнына келген құтқарушылар мен дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, кеш болған, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

“Бұланды аудандық полиция басқармасына ауыл тұрғындарының бірі жеке тұрғын үй аумағында екі жасар ұлының абайсызда әжетхана шұңқырына құлап кеткенін хабарлады” делінген Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Баланы өз бетінше шығара алмағандықтан оқиға орнына төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем жіберілген. Құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен алып шыққанмен, бала бұл кезде жансыз болған.

Осыған байланысты полицейлер тұрғындарды кішкентай балаларын жалғыз қалдырмауға шақырады. Бұл қайғылы оқиға мен төтенше жағдайдың алдын алуға себеп болмақ.

Exit mobile version